Атырау-Индер тас жолында жол опырылып түсті

0
60

 

Желіде тараған видеодан жүк көлігінің жолдың опырылған бөлігіне тіреліп, тоқтап қалғанын байқауға болады. Ал жанында жеміс-жидек шашылып жатыр. 

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, бұл аумақта жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың 27-ші шақырымы уақытша жабылды. 

«Талдыкөл ауылындағы газ құбырынан су ағып, жол опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбыры немесе газ таратудың зақымданғаны туралы дерек тіркелген жоқ. Мамандар жедел қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр», – деді әкім орынбасары.

Жол бүгін, 17 мамыр күні кешке дейін толық қалпына келтіріледі дейді. 

 


ПІКІР ЖАЗУ