Атырау облысында анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті

0
130

Атырау облысында өрт шығып, анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті.

Қайғылы оқиға 11 қарашада таңғы 05.00 шамасында Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылында болған.

Өрт үйдің қасындағы 72 шаршы метр ғимараттан шыққан. Салдарынан 66 жастағы әйел адам мен 35 жастағы ұлы өртеніп кеткен.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 58 жастағы ер адамның екі қолын күйік шалып, 5 жастағы немерелері түтіннен уланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Өрт 05.52-де өшіріліп, сағат 06.30-да толығымен сөндірілді.

Қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ