«Аяғыңды кесеміз деді». Жүрсін Ерман Тоқаев ақшалай көмек бергенін айтты

0
562

Айтыскер ақын Жүрсін Ерман денсаулығы күрт нашарлапа өлім аузында қалғанын айтты.

Лл «1001 түн» бағдарламасында қант диабетімен күрескенін жеткізді.

Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керегін айтты. «Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың» деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты, – деді ақын.

Оның сөзінше, қыздарының да шөппен жасаған емі пайдасын тигізген.

Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев “барып емделіп кел” деп көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен білемін. Риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды, – деді ол.

Кілтсөздер:Жүрсін Ерман


ПІКІР ЖАЗУ