Қазақ бөлімінде оқитын студенттерге қазақ тілінде сабақ оқытпай жатыр

0
68

 

Студенттерден шағымдар келуде. Бұл жолы мәселе балалар құқығының бұзылуына байланысты болып тұр. Студенттерге өздері таңдаған қазақ тілінде сабақ беруден бас тартты,-деп хабарлайды politico.kz

ҚазҰУ-де механика-математика факультетінің қазақ бөлімінде оқитын 3-ші курс студенттеріне орыс тілінде сабақ береді. Қайта тапсыра алмайтын бір ғана пән бар (жазғы мектеп). Оғсн себеп деканат қазақ тілді мұғалім жоқ деп отыр. Бірақ енді студенттер қара тізімге ілініп, дұрыс балағаланбауда. Силлабус бойынша максималды балл 100, бірақ оларға 60-70 ұсынып, одан жоғары балл алу мүмкін еместігін айтады.

Олар 70-бал алып, тыныш өмір сүру керек еді деп ойлайтын шығарсыз, бірақ оларға қалыпты баға қойылмағандықтан, GPA төмендейді және де олар 4-ші курстан өте алмайды. Сондықтан көп ақша төлеуге тура келеді.Бірақ грант алушы студенттер ақшаны қайдан аларын білмейді. Олар мұның бәрі студенттерден ақшаны алудың амалы екеніне сенімді.

Бұның бәрі, бәлкім, оларға өз ана тілінде оқытылатын болса, болмас еді. ҚазҰУ, мәселені қалай шешесіз?

Егер сіз кенеттен механика және математика пәнінің мұғалімі болсаңыз және қазақ тілінде сабақ бере алсаңыз, бірақ пән: “Теория меры и Интеграл Лебега” деп аталса… Сіздерге тіпті кадрмен көмек ұсынса да қабылдамайтын секілдісіздер.

Дереккөз: qumash_білім


ПІКІР ЖАЗУ