Қазақстанға шетелден әкелінген еттен инфекция анықталды

0
132

Сурет: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жеті елден тасымалданатын ет өнімдерінен адам денсаулығына қауіп төндіретін инфекциялар таралғанын анықтады,- деп хабарлайды politico.kz.

Информбюро жазғандай, қазіргі таңда Австралия, Италия, АҚШ, Грузия, Польша, Оңтүстік Африка республикасы мен Үндістаннан елімізге ет тасымалдауға уақытша шектеу қойылды. Өйткені бұл елдерде құс тұмауы, африкалық шошқа обасы және ұсақ малдардың обасы секілді қауіпті аурулар тарап жатыр.
Мамандар әсіресе жаз мезгілінде етті дұрыс таңдай білу керек екенін айтады. Өйткені жылы жерде ұзақ уақыт қалып қойған өнімдегі бактериялар мен құрттар түрлі ауруларды қоздырады.

Сондай-ақ, түсі ал-қызыл емес, басқа реңдер көрінген етке жоламаған дұрыс дейді. Себебі ет өнімдерінде дәруменмен бірге түрлі бактерия болуы мүмкін. Жылы жерде ұзақ уақыт қалып қойған өнімдегі бактериялар мен құрттар түрлі ауруларды қоздырады.Әсіресе, өнімнің түсі мен иісіне мән берген жөн. Сондай-ақ еттен шырыш бөлінбеу керек, яғни қол тигізгенде құрғақ болғаны абзал.

“Етті таңдар алдында сапа сәйкестігін растайтын құжатын талап ете алатынына кеңес беремін. Ол құжат ветеринариялық анықтаманың ішінде еттің түсі, түрі, сапасы, балғындығы, қай кезде сауда орнына жеткізілді. Қай күні зертханалық зерттеуден өткізілді, белгілі маманның еттің сапасын, қауіпсіздігін дәлелдейтін мөрінің болуы және рұқсат етілген белгісінің болуы.

Осы анықтама болған жағдайда етті тұтынуға болады”, – деді Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Меруерт Битасов.
Жалпы, ауру малдың еті тұтынушыға қарағанда, оны сойған адамға қауіпті дейді мамандар. Сондықтан етті тағамға қоспас бұрын әбден қайнатып алған дұрыс.


ПІКІР ЖАЗУ