Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін жазға дейін созады – министрлік

0
60

 

Қазақстан ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады. Осылайша, 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1,468 млн баррельді құрайды.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады.

Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған, 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 мың баррельге өз еркімен қысқартуға қосымша болып табылады.


ПІКІР ЖАЗУ