Қазақстан мен Кипр визасыз режим енгізу мәселесін талқылады

0
77

Қазақстан мен Кипр Сыртқы істер министрлері визасыз режимді енгізуді, сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының перспективаларын талқылады.

 

Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбостың Қазақстанға сапары барысында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан мен Кипр арасындағы «Әуе қатынасы туралы» меморандумға қол қойды.

 

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бұл құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін береді деп есептейді.

 

– Әріптесіммен азаматтарымыз үшін визасыз режимді енгізуді және екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының келешегін талқыладық. Осы тұрғыда пікірлер мен бастамалар жақын арада іске асырылатынына сенемін, – деді ҚР СІМ басшысы.

 

Ол талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы – аймақтық және жаһандық күн тәртібі екенін жеткізді.

 

Мұрат Нұртілеудің айтуынша, Қазақстан мен Кипрдің халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдары өте ұқсас.


ПІКІР ЖАЗУ