Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда көлемін 2 млрд долларға дейін жеткізбек

0
75

Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке алғашқы ресми сапармен келді ҚР Сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды. Достық, бауырластық, құрмет пен тату көршілік негізінде одақтастықты тереңдетуге өзара бейілдік расталды.

Мұрат Нұртілеу
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан СІМ басшысы М.Нұртілеу аса жоғары және жоғары деңгейлерде сенімді диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты тараптар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурыздағы Қазақстанға мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырдағы Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Біздің елдеріміз сенімді одақтастар, өте жақын және бауырлас мемлекеттер. Біз достықтың мызғымас байланыстарымен, ғасырлар бойғы тарихымен, тілдердің жақындығымен және тығыз бауырлас тамырымен байланыстымыз», – деді М.Нұртілеу.

Жээнбек Кулубаев
Фото: ҚР СІМ

Қырғызстан ТМД және ЕАЭО аясындағы еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі. Қазақстан үнемі Қырғызстанның ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді, деп толықтырды ҚР СІМ басшысы.

Министрлер 2023 жылдың 11 айында 1,3 млрд АҚШ долларын құраған өзара сауда өсімінің оң динамикасын құптады. Экономикалық әріптестікті кеңейтуге және өзара сауда көлемін 2 млрд долларға дейін жеткізу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Өз кезегінде Ж.Кулубаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар терең одақтас қатынастар сипатына ие бола отырып, сапалы жаңа деңгейге шыққанын растады.

Өзара инвестицияларды тарту, көлік және логистика, энергетика, су ресурстары, цифрландыру салаларында, оның ішінде бірлескен жобаларды пысықтау және іске қосу жолымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды, тығыз ынтымақтастықты және өзара қолдауды атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестерді».

Қарғызстандағы Меморандум
Фото: ҚР СІМ

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

ҚР Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу сондай-ақ Қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ата-Бейит» мемориалдық кешеніне және белгілі қырғыз ақыны Чингиз Айтматовтың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қазақстан-Қырғызстан

ПІКІР ЖАЗУ