Қазақстан паспорты Орталық Азиядағы «ең әмбебап» паспорт деп танылды

0
57

Қазақстандық паспорт рейтингісі 193 ел мен 6 аумақ арасында 54-орынға тұрақтады, деп жазады stan.kz. Паспорт беделі бойынша Қазақстан Беларусь пен Ботсвана арасында тұр. ТМД елдері арасында Беларуссиядан басқа, Молдова, Ресей және Украина да Қазақстанды басып озды. Arton Capital қаржылық консалтингтік компаниясы ұсынған Passport Index төлқұжаттардың әлемдік рейтингіне сәйкес, әлемдегі ең беделді төлқұжат – БАӘ паспорты, оның индексі 179 балл. Индекс неғұрлым жоғары болса, ел паспорты соғұрлым беделді болып саналады. Әр елдің төлқұжатына индекс қоярда сарапшылар визасыз режиммен кіруге болатын елдердің саны, визаны келгеннен кейін жасауға мүмкіндік жасалған елдері саны сияқты критерийлерге мән береді. Рейтингке БҰҰ-ға мүше 193 ел, сондай-ақ Ватикан және өз төлқұжаттары бар аумақтар (Тайвань, Макао, Гонконг, Косово және Палестина) барлығы 199 елдің төлқұжаты қатысты. 2024 жылы екінші орында индексі 177-ні құраған бес ел — Франция, Германия, Италия, Нидерланды және Испания. Үшінші орында 176 ұпай алған бес ел – Швеция, Финляндия, Люксембург, Австрия және Швейцария. Рейтингтегі соңғы орындарды Сирия (93-ші), Ауғанстан (92-ші) және Ирак (91-ші) алады. Рейтингке сәйкес, Қазақстанның позициясы бір жыл ішінде айтарлықтай жақсарды. 2023 жылы 56-орыннан 2024 жылы 54-орынға көтерілді. Бұл ретте қозғалыс еркіндігі көрсеткіші 91-ден 90 балға дейін төмендеді. Қазақстаннан басқа 54-орынды Косово және Науру мемлекеті иеленді. Айта кетейік, 2024 жылы әлемдегі орташа қозғалыс еркіндігі 111 баллды, ал медианасы 100 баллды құрады. Көрші елдердің арасында қазақстандықтарға қарағанда Ресей мен Қытай тұрғындарының төлқұжаттары рейтингте жоғары тұр. Ресей Тувалу және Черногория сияқты елдермен бірге қозғалыс еркіндігі 127 ұпаймен 37-орында, ал Қытай 95 баллмен 51-орында. Өзбекстан мен Қырғызстан өз кезегінде Гамбия, Уганда және Үндістанмен бірге 67 индекс көрсеткішімен 73-орында. Түрікменстан Малимен 77 ұпаймен 63-орында тұр. Сонымен қатар ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, Қазақстанда әлемнің 82 елімен визасыз режим жұмыс істейді, ал Қытай мен Үндістан сияқты елдерден келушілер саны визасыз режим енгізілгеннен кейін айтарлықтай өсті: Қытайдан келушілер 12 есе, ал Үндістаннан 3 есе артты.


ПІКІР ЖАЗУ