Қазақстанда көлікті техникалық тексерудің бірыңғай операторы ауысты
Елімізде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңа операторы бекітілді
Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖолды» бірыңғай техникалық байқау операторы етіп бекітті.
«Көлік министрінің бұйрығына сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ техникалық байқау ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторы болып бекітілді. Бүгінгі таңда «ҰАТ» АҚ-дан өкілеттіктерді беру бөлігіндегі іс-шараларды қамтитын Жол картасы әзірленді. Процесс жүріп жатыр», – дейді министрліктің баспасөз қызметі.