Қазақстандағы Жапония елшісі екі ұлттың ұқсастығы туралы айтты

0
67

 

Қазақтар мен жапондар расымен ұқсай ма? Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада екі ұлттың ұқсайтындығын айтып, мысал келтірді.

«Жапондар мен қазақтардың өте ұқсас екенін жиі айтамыз. Басқа ұлттарға қарағанда әлдеқайда ұқсас. Егер Жапонияда қазақ азаматын жеке танымаса, оның өзге ұлт екеніне сенбес еді. Мен сіздерге визуалды түрде ғана емес, әлдеқайда терең тарихи мәні бар мысал келтірсем. Мына мырзаның кім екенін бәріңіз білесіздер? (экранда Әлихан Бөкейхановтың фото шықты).

Ал енді мына портрет туралы не ойлайсыздар? Бұл Мейдзи Императоры деген атпен белгілі болған жапон Императоры Муцухито, қазіргі Императордың атасы. Бұл жерде бейнеленген Мейдзи Императордың кейбір замандастары, қазіргі Жапонияның қалыптасуына үлесін қосқан азаматтар. Қазаққа ұқсайды емес пе? Расында бұл кісілер біздің Алаш көсемдері еді», – деді Джун Ямада елордада өткен іс-шарада.

Сондай-ақ, Елші мырза қазақ-жапон ұқсастығының құпиясы ашылатындығына сенім артты.

«Күндердің бір күні ғалымдар мен тарихшылар таңғаларлық ұқсастықтың артында тұрған құпияны ашады. Біз қазірдің өзінде тарихымыздың жекелеген ортақ беттерін еске түсіре аламыз. Олардың көбі қайғылы болғанымен, біздің ынтымақтастық және бауырластық сезімімізді одан сайын нығайта түседі», – дейді ол.

Одан әрі Джун Ямада екі ұлтқа ортақ Семей және Хиросима-Нагасакиде болған ядролық сынақтың тарихына тоқталды.

Айта кетсек, Астанада Қазақстандағы Жапония елшілігінің ұйымдастыруымен Жапонияның 126-Ұлы Мәртебелі Императоры Нарухитоның 64 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті.


ПІКІР ЖАЗУ