Қазақстанның барлық облысында 100 жол бөлігі жабылды

0
69

 

Еліміздің 16 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.

Оның ішінде:

Абай облысында – 9 учаске (1243 км);
Ақмола облысында – 27 учаске (2201 км);
Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км);
Алматы облысында – 1 учаске (84 км);
Атырау облысында – 1 учаске (9 км);
Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км);
Жамбыл облысында – 1 учаске (450 км);
Жетісу облысында – 1 учаске (100 км);
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске (133 км);
Қарағанды облысында – 8 учаске (1158 км);
Қостанай облысында – 11 учаске (1508 км);
Қызылорда облысында – 1 учаске (815 км);
Павлодар облысында – 9 учаске (1624 км);
Солтүстік Қазақстан облысында – 15 учаске (1924 км);
Түркістан облысында – 2 учаске (283 км);
Ұлытау облысында – 3 учаске (543 км).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.


ПІКІР ЖАЗУ