«Бәрің шұбырып не бітіріп жүрсіңдер?». Бақыт Сәрсекбаев бокс федерациясын сынға алды

0
75

Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан 57 келіге дейін салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. Осыған қатысты Бейжің Олимпиадасының чемпионы, даңқты боксшы Бақыт Сәрсекбаев пікір білдірді.

«Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта тыныс алулары қиындап, рингте әзер жүр. Соққы тым аз. Сериялық соққылар мүлдем жоқ. Үш минутта қанша соққы жасауға болады? Физикамен айналысады деп шақыртқан мамандары қайда қарап жүр? Кешенді ғылыми топ мүшелері не бітіріп жатыр? Неге біздің боксшыларға шаршы алаңда дем жетпей қала береді? Неге үш раундта аяққа тұрып үйренбейді? Бәрің шұбырып не бітіріп жүрсіңдер? Сосын тағы бір сұрағым бар: әрбір боксшы лицензия алғаннан кейін Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен Бейжің Олимпиадасына дейін жарты жылда 22 кездесу өткіздім. Ал бас бапкер айтарға сөзім жоқ», – дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді.


ПІКІР ЖАЗУ