Байден Зеленскийден кешірім сұрады
Bild мәліметінше, АҚШ президенті кеше, 8 маусымда Париждегі украин лидерімен кездесуде осындай мәлімдеме жасаған,-деп хабарлайды politico.kz.
Ақ үй басшысы АҚШ-тан қару-жарақ жеткізілімін бірнеше ай тоқтатқаны және одан әрі көмекке қатысты белгісіздік жағдайын жасағаны үшін кешірім сұрады.
Джо Байденнің айтуынша, Киевке көмектесуді өте консерватив америкалық конгрессмендер ұзақ уақыт бойы бұғаттаған, бірақ қазір мәселе шешілді. Байден Зеленскийді Вашингтон Киевті «тастап кетпейді» деп сендірді.
Байден сонымен қатар Украинаға 225 миллион долларға жаңа әскери көмек пакетін жариялады. Зеленский оған алғысын білдірді. Президентпен бірге Париждегі келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин қатысқан.