«Байлығына келсек…» – экс-сенатор Дариға Назарбаева туралы

0
1419

Экс-сенатор Мұрат Бақтиярұлы Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында Назарбаевтың тұңғышы Дариға Назарбаеваны мықты спикер ретінде құрметтейтінін мәлімдеді.

Оның сөзінше, бірге жұмыс істеген бір жарым жыл ішінде оның мықты маман екеніне көз жеткізген.

Назарбаеваны трагедиялық отбасы деп айтар едім. Баласының өлуі, оның ауруға ұшырауы, қайтыс болуы – трагедия. Менің де балаларым бар, оған түсіністікпен қараймын. Ал байлығына қатысты әңгімелерге келсек, ол менің құзыретіме жатпайды, арнайы органдар шешер. Ал бірақ адам ретінде, спикер ретінде сол кездегі сенаторлардың көпшілігінен сұраңыз. Дариға Нұрсұлтанқызы туралы бір ауыз жаман сөз айта алмайды, – деді экс-сенатор.

Экс -сенатор Дариға Нұрсұлтанқызы қарапайым адам ретінде есінде қалғанын айтты.



ПІКІР ЖАЗУ