«Басы тоңазытқыштан табылды»: жоғалып кеткен ақтөбелікті кім өлтіргені белгілі болды

0
246

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жантүршігерлік қылмыс болды. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Хромтау тұрғыны жоғалып кеткені туралы туыстары шамамен бір ай бұрын құзырлы органдарға хабарлаған. Ер адам күтпеген жерден із-түзсіз кеткен.

Жақында жедел іздеу шараларының барысында ер адамның бөлшектелген денесі қаланың шетінде табылғаны анықталды. Ер адамның денесі бірнеше пакетке салынған. Ал басы ер адамды өлтірді деген күдіктілердің бірінің үйіндегі тоңазытқыштан табылған. Болжам бойынша күдіктілер ер адамды мас күйде өлтірген.

Қылмысты жасады деген күдіктілер ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кілтсөздер:АқтөбеПолиция


ПІКІР ЖАЗУ