«Батасын берді»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтты

0
82

Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңғалдырған Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен танысқан кезін еске алды. Қытай басшысы қазақстандық әншінің өнерін аса жоғары бағалайтынын айтып,оған батасын берген,-деп хабарлайды politico.kz

Димаш Құдайберген мен Си Цзиньпин 2017 жылы «I am Singer» жобасынан кейін кездескен. ҚХР төрағасы отандасымыздың өнеріне жоғары бағасын берген.

«Мен Си Цзиньпин мырзамен алғаш рет 2017 жылы «I am a Singer» жобасынан кейін кездескен едім. Ән айтып болғаннан кейін, маған ол кісі келіп, өнерім мен шығармашылығыма жоғары бағасын берді. Тіпті бата беріп, ерекше әсерге бөледі. Ол тіпті менің жанкүйерім екенін айтты. Әйелі де менің жұмысымды бақылап жүретінін айтып, ерекше әсерлендірді. Ол кездесу мен үшін өте қуанышты жағдай еді. Президенттерге артылған жүк аса ауыр. Оны жақсы түсінемін. Екі елдің достығына орай, екі ән жазғаным есімде. Бірінші ән қытайша, екіншісі қазақша жазылды. Ол кісі рухани тұрғыда кемелденген адам. Әнді толыққанды түсінуге тырысып, сезініп, толғанады екен. Жалпы өте мәдениетті кісі екені бірден байқалады», – деп еске алды Димаш CCTV телеарнасының «Идеялар өзгертеді» жобасында.


ПІКІР ЖАЗУ