Баян Алагөзова атышулы Бишімбаев туралы кино түсіріп жатыр

0
291

Продюсер Баян Алагөзова азаматтық некедегі әйелін қатыгездікпен өлтірді деген айыппен сотталған бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты негізінде жаңа фильм түсіруге бел буған. Бұл туралы оның өзі Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлады politico.

Оның айтуынша, фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін.

Фильм «Жалғыздық» деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы «Бақыт» фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни осы тақырыпта 3 фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз. Бірақ әйелін ұрып өлтірген экс-министр Бишімбаевтың әрекеті, оған қатысты сот процесі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл тақырып әлі күнге дейін елімізде өзекті екенін көрсетті. Бір дүние шығармас бұрын 10 рет ойлану керек, – деді жоба авторы.

Сондай-ақ ол жаңа фильмінің бірден көрермен жинайтын жақсы туынды боларына сенімді. Біздің көрермен түрлі фильмдерді көруге дағдылануы керек деген пікірде өзі.

Фото: inbusiness.kz



ПІКІР ЖАЗУ