Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан халықтан сүйінші сұрады

0
878

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығымен бөлісіп, ұлының әскерден оралған сәтінің видеосын жариялады.

Бүгін түстен кейін біз Даниалды алып кету үшін әскери бөлімге баруымыз керек еді, бірақ ол таңертең тосын сый жасап, үйге келді, – деп жазды Динара Сәтжан.

Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімінде борышын өтеді.

Желі қолданушылары тележүргізушіні құттықтап, әскердегі әр азаматтың үйіне аман оралуын тілеп, пікір қалдырды.


ПІКІР ЖАЗУ