Билетсіз балаларды автобустан мәжбүрлеп түсіргендер жауапқа тартылады

0
64

Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында «Жаңа заң жобасында 16 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп шығарып жібергені үшін жауапкершілік қарастырылуда. Бұл өз кезегінде билетсіз жолаушылардың көбеюіне алып келмей ме?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл норма алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін қарастырылып отыр. Менің ойымша, аталған шара билетсіз жүретін жолаушылардың санын көбейтуге жол бермейді. Қоғамдық көлік жүргізушісі немесе кондуктор полицейлер мен қамқоршылық қорғау органдары өкілдерін шақырады, содан кейін баланың автобуста билетсіз жүру себебі анықталады. Себепті анықтау барысында ата-анасының кінәсі белгілі болса, яғни баласының қоғамдық көлік ақысын төлеуін қамтамасыз етпесе, онда ата-анаға жауапкершілік қаралуы мүмкін», – деп жауап берді Шыңғыс Алекешев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.


ПІКІР ЖАЗУ