Білім саласында жемқорлық атымен болмауы тиіс – Ғани Бейсембаев

0
67

 

Министр қаржы жымқырған білім саласының қызметкерлері туралы не ойлайды?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте білім саласындағы жемқорлыққа қатысты пікір білдірді
«Оқу-ағарту мен жемқорлық бір-біріне сәйкес келмейтін ұғымдар. Сондықтан былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, осы саладағы мәселелерді зерттеуге кірістік. Сол бағытта Жол картасы әзірленді. Бірнеше рет мектеп басшыларымен, білім басқармаларымен бірлескен кездесулер, семинарлар өткізілді. Қазір көп анықталып отырған жағдайлар 2020 жылдан бастап жіберілген көп қателік шығып жатыр. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс», – деді министр.

Сөзінше, бұл бағытта бірлескен жұмыс жүргізілуі керек.


ПІКІР ЖАЗУ