Бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық қыз өлі табылды
Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының өлі денесі табылды.
Бұл туралы Lider.kz ұйымының волонтерлері Instagram парақшасында жариялады.
1994 жылы туған Супатаева Әйгерім 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Әйгерім сол күйі үйіне оралмаған.
Бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, шашы қара түсті ұзын, көзі қоңыр.
Ол сұр пальто, қара шалбар, қызыл жолақтары бар көк кроссовка киген.