"Бір апта мазам болмады": Төреғали Төреәлі денсаулығы сыр бергенін айтып, елді алаңдатты

05.08.2024
18:16
0
251
Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі денсаулығы сыр бергенін хабарлап, уақытша жұмысын тоқтатынын айтты. Өнер иесі денсаулығына дұрыс көңіл бөлмей кеткенін жеткізді, деп хабарлайды politico.kz.
Төреғали Төреәлі соңғы кезде денсаулығы сыр беріп, соның салдарынан жұмысқа деген құлшынысы азая түскенін жасырмады. Өнер иесі қазіргі жағдайын Instagram-дағы парақшасында айтқан.
"Ұлы дала баласы" бір апта бойы мазасы болмай, бәрінен оқшауланғысы келгенін жеткізді.
"Бір апта көлемінде мазам болмады. Денсаулығыма көңіл бөліп, телефоныма қарамай, оқшауланғым келді. Алланың берген әр күнінде хайыр мен игілік жатқанын түсіндім. Осы уақытқа дейін сырқаттанып қалсам, жұмысым тоқтамасын деп жүре беретінмін. Қарап тұрсам, одан жұмысыма деген құлшынысым азая түскен екен. Ал Алла қай уақытта саған не керек екенін жақсы біледі емес пе? Сырқаттануды Алланың пендесіне тазару үшін жіберетін қызметкері екенін білсем де қабылдамаппын. Есесіне күніге болатын толассыз шаруаларыма мүлтіксіз қызметін жасап жүрген ағзамның саулығы үлкен нығмет екеніне тағы да көзім жетті", - деп жазды өнер иесі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

15.07.2025
19:15
Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа ...

15.07.2025
18:36
Қателік жасауыма жол бермеді – Жұлдыз Әбдікәрім...

15.07.2025
18:34
Ақмола облысында депутат үйін тонатып алды

15.07.2025
17:45
Әнші Айдар Тұрғанбек Смановпен кездескені үшін ...

15.07.2025
17:02
Марғұлан Сейсембай танымал трендті қайталады

15.07.2025
16:57
Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын ...