Бишімбаев апелляциясы бойынша сот бүгін аяқталуы мүмкін

0
45

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляцияны қарау бойынша сот отырысының аясында адвокат соттың аяқталу мерзімін атады,-деп хабарлайды politico.kz

«Менің ойымша, түскі астан кейін (процесс аяқталады – авт. ескертпесі). Онда Байжановтың тарапы қалды және апелляциялық шағымдарға қарсылық білдіргендер (айтады –авт. ескертпесі)», – деді Қуандық Бишімбаетың адвокаты Назкен Құсайынова. Ол заң бойынша апелляциялық саты апелляцияны 1 айға дейін қарастыра алатынын айтты. «Олар бір және екі процесте қарастыра алады», – деп қосты адвокат. Айта кетейік, Астана сотында Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымын қарау бойынша отырыста түскі үзіліс жарияланды. Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін сотта Бишімбаевтың үш адвокаты сөз сөйледі.


ПІКІР ЖАЗУ