Бишімбаев ісі: Жоғарғы сот сотталушы Байжановтың шағымын қарайтын болды

0
77

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымын Жоғарғы сот қарайтын болды. Сот талқылауы 4 қыркүйекке белгіленді. Бұл туралы «Сот кабинеті» базасында жарияланды.

Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Тамыз айының басында Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа өтініш білдірді. Тиісінше, сотта үкімді тек Байжановқа қатысты өзгертуге немесе жоюға болады.

Ал қатыгездікпен кісі өлтіргені және жұбайы Салтанат Нүкенованы азаптағаны үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев әзірге Жоғарғы сотқа өтініш бермеген.

Фото: ашық дереккөз



ПІКІР ЖАЗУ