Блогер Дархан Жолшыбеков 300 млн тұратын үйін тегін бермек

0
77

Блогер Дархан Жолшыбеков өзінің тұрып жатқан шаңырағын бір оқырманына тегін беретінін айтты.

Ешқандай интригасыз бірден айтайын: үйімді біреуге сыйлағым келеді. Осы күнге дейін ешқандай дүние мүлікті сатқан емеспін. Үйдің құны – 300 миллион теңге. Қазір бағасы тіпті өсіп кетті. Сату – менің ісім емес. Сол үшін тегін бергім келіп тұр. Гив немесе лоторея ойнатпаймын. Бұрын да ойлап қойып едім, – деді Дархан.

Сонымен қатар, блогер айлық табысын да айтты.

Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді, – деген еді Дархан.

 



ПІКІР ЖАЗУ