«Болашақ жастардың қолында!»

0
115

Заңгер Мұхаммеджан Әбдібековпен «Болашақ жастардың қолында!» тақырыбында заңгерлік кеңес әрі мотивациялық онлайн-тренинг өтті.  Заңгер, полковник шеніндегі әскери маман жалынды сөздерімен жастарға жігер сыйлады.

Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болмақ.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандық дизайн саласы және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.


ПІКІР ЖАЗУ