«Бұл зоопарк емес»: Депутат Бишімбаевтың туралы айтты

0
140

Сенат депутаты Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың колонияда отырған фотосы неге жарияланбағанын түсіндірді.

Оның айтуынша, мұның бәрі азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты.

«Тіпті жазасын өтеп жүрген азаматтың да құқықтары болады. Егер ол өзін жұртқа көрсеткенді қаламаса, оны ешкім мәжбүрлей алмайды, әрине. Дөрекі естілсе де айтайын, қанша дегенмен де күш құрылымының қызметкерімін ғой, бұл сіздерге хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек», – деді Марат Қожаев.

Сенатор Бишімбаев Степногорск қаласында қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда отырғанын айтты. Оның сөзінше, Бишімбаев түрмеде отырса да «журналистер хайп үшін бір аптадан бері осы мәселе төңірегінде шулап жүр».

«Оның қайда қамалғаны жұмбақ болмаған. Журналистер тексерілмеген ақпараттарды таратасыздар да бізге сұрақ қоясыздар. Ол ақпаратты Сенат таратқан жоқ, ҚАЖК таратқан жоқ. Оны біреу ақпараттық кеңістікке таратты, сіздер одан дау тудырдыңыздар. Ал, қазір анықталғаны, ол жазасын түрмеде өтеп жатыр», – деді депутат.


ПІКІР ЖАЗУ