Дариға Бадықова хиджаб киетін әйелдер туралы ойын айтты
Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде оқырмандары жолдаған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі қазіргі қоғамда қызу талқыланып жатқан хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады politico.kz KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен тілдесті. Актриса көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берген.
Оқырмандардың бірі өнер иесінен хиджаб жайлы ойы қандай екенін білмек болды.
«Оранып, шешініп жүретіндер жайында әзірге жауап жоқ. Негізі дін жайында әңгіме қозғағым келмейді. Әркімнің өз түсінігі, әрекеті бар. Хиджабқа келер болсақ, оны айыптайтын біз емес. Өздері біледі. Шешіне ме, жалбырай ма, мода көрсете ме?! Рух төмендесе, жан мен тән, теңеспей қалады. Кім қалай түсінді», – деп жазды Бадықова. Сонымен қатар желі қолданушыларының бірі актрисадан «Бойдақсыз ба?» деп сұрады. Кино жұлдызы «осындай сұрақ көп» деп қысқа қайырды.