Димаш сахнада ән айта жүріп, құлап бара жатқан мобилографты ұстап қалды

0
267

13-14 кыркүйекте елордадағы «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтіп, оған шет елдерден мыңдаған жанкүйер жиналды.

Концерт кезінде желі қолданушыларының назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалған. Оны жариялаған Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында өзінің желіде хит болып жатқанын жазған.

Кадрдан әншінің камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде тұрып құлап бара жатқанын байқап, қол ұшын созғанын көруге болады.

Әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі – бір бөлек әлем, – деп жазды мобилограф.

Желі қолданушылары Димаштың бұл әрекетіне сүйсініп, видео астына жақсы тілектерін қалдырған.



ПІКІР ЖАЗУ