Димаштың шетелге кеткені белгілі болды
Әнші Димаш Құдайберген Будапештке ұшып барады. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Будапештке ұшып барам», — деп жазған әнші ұшақ тұсында түскен суретінің астына.
Айта кетсек, Димаш Құдайберген бұған дейін өз парақшасындағы жазбаларында Еуропада болатын концертін күтіп жүргенін жазған болатын.
Әнші жуырда Еуропаның екі мемлекетінде өзінің жеке концертін өткізбек. 22 қараша күні өтетін жеке концерті Чехияның Прага қаласында болады деп жоспарланса, 24 қараша күні Германия мемлекетінің Дюссельдорф қаласында болмақ.