ДМИТРИЙ МАЛАХОВ ҚР ҚМА ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
86

 

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Дмитрий Михайлович Малахов 1974 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында туған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін (1991-1995), Т.Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетін (2003-2005) бітірген.

Мамандығы «Заңгер – құқықтанушы, экономист» Еңбек өтілі: Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеген. 2004-2019 жылдары Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық және орталық аппараты басқармалары басшысының орынбасары; 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Операция басқармасының басшысы; 2020-2022•жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары; 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары; 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары. 2-дәрежелі «Айбын» орденінің және мерейтойлық және ведомстволық наградалардың иесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры (05.06.2022 ж.)


ПІКІР ЖАЗУ