Дүркіретіп той жасап, «қайта үйленген» Қыдырәлі мен Қарақат сынның астында қалды

0
6940

Елімізге белгілі әншілер Қыдырәлі мен Қарақаттың 25 жылдық күміс тойларын дүркіретіп тойлағаны желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Желідегілер әртістердің бұл шешімін әбестік деп санайтындар көп.

Ақ көйлектегі қалыңдық пен күйеу жігіт. Ерекше көлік. Неке қию рәсімі. Шаңырақ көтергендеріне 25 жыл болған Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина балаларымен бірге күміс тойларында неке қию рәсімін өткізді.

Дүбірлеген тойдың видеоларын әншілердің өздері желідегі парақшаларында жариялады. Видеоның астында мыңнан астам желі қолданушысы пікір қалдырып үлгерген. Олардың біразы әншілердің отбасына бақыт тілесе, екінші бір топ әртістердің бұл әрекетін сынап тастады.

«Бұл артық енді, халық тарығып кредит алып күн көргенде, ертең бәрі сөйтіп жасайық деп шығады», «Еее, ақша не істетпейді, шіркін», «Құдай-ай, тағы не шығардыңдар, жетіскендер-ай, одан да келін алмадыңдар ма, іштерің пысса», «Басқаша жасауға болады ғой, ұл үйлендіріп жатса бір сәрі», «Бұл не той неке жүзік не үшін қайта салынып жатыр. Гаухар той болса неге жас жұбайлар сияқты жар жар айтып тойлап жатыр. Түсініксіз. Жоқ нәрсені шыгарады екен» деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қыдырәлі мен Қарақат бүгінде алты бала тәрбиелеп отыр.


ПІКІР ЖАЗУ