«Egov-тан келген кодты сұрады»: Интернет-алаяқтар жаңа айла ойлап тапты

0
59

 

Қарағандылық тұрғынға шетелдік нөмірден қоңырау түсті. Қоңырау шалушы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұялы байланыс операторындағы ақауларға байланысты Egov-тан келген кодты айтуын сұрады.

Сенім артқан азамат кодты қоңырау соққан алаяққа берген. Қала тұрғыны қоңырау жалған банк қызметкерлерінен түскенін ұққан сәтте, бірден полицияға жүгінген.

Киберполицейлер барлық PIN-кодты өзгертуге, ЭЦҚ кілтін жаңартуға және несиеден бас тарту қызметін іске қосуға көмектесті.

Әйтсе де, алаяқтардан қоңырау түсе берді. Олармен тәртіп сақшылары сөйлесті. Ал алаяқтар жәбірленушінің қармаққа түспегенін түсінген сәтте әңгімені тоқтатты.

 


ПІКІР ЖАЗУ