«Екі қызыма бес күтуші». Баян Алагөзова сәбилерін кім қарап жатқанын айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қызы Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында қыздарына кім қарайтынын айтты.
Әрқайсысына екі күтішуден және қосымша бір күтуші бар. Олардың жұмыс кестесі 2|2. Балалар туылуға екі аптада қалғанда Тұрсын (жоладсы) бала күтушілермен жеке-жеке сөйлесіп, өзі таңдады. Аспазды да тапқан өзі. Мен бұл іске арласқаным жоқ, – деді ол.
Продюсер бұрын кеш қарайғанша жұмыс істейтін болса, қазір кешкі сағат 17-18:00 шамасында үйге асығатынын айтты.
Бұған дейін үйге асықпай келіп, асықпай шешініп, жинап, бәрін рет-ретімен қоятын болсам, қазір үйге кіре сала туфлиімді қалай шешкенімді білмей қыздарыма асығамын. Олар да менің келгенімді сезгендей тыпыршып, жылап кетеді, дейді Баян.
Еске салайық, суррогатты ана көмегімен Тұрсын мен Баян Алагөзовтер екі қызды болған еді.