Елде жекешелендірудің үшінші толқыны басталады

17.05.2024
17:07
0
111
Бұл жұмыстардың мақсаты – экономикадағы мемлекеттің үлесін қысқарту.
Осыған байланысты мемлекеттің және квазисектордың иелігіндегі бірқатар компаниялар, бәсекелестік ортаға жіберіледі.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровтың сөзінше, сауда-саттыққа шығарылатын нысандардың тізбесі жасалынған. Алайда жекешелендіру кезінде мемлекет мүддесі ескеріліп, стратегиялық ұйымдардағы мемлекеттің бақылау үлестерін сақтап қалу шаралары қарастырылған. Активтерді сату үдерісі арнайы комиссиямен бақылауға алынып, жұртшылыққа ақпарат жарияланып отырады.
Марат Омаров, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы: - Жекешелендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Оның әділ әрі заңды өтуін арнайы комиссия бақылайды. Бұл комиссия таяуда өз жұмысын бастайды. Оның құрамына қоғам белсенділері, құқық қорғау органдарының өкілдері, Қаржы министрлігінің мамандары мен Самұрық-Қазына компаниясының өкілдері кіреді. Оларға ешқандай жалақы төленбейді. Комиссияның жұмысына қаржы шығындалмайды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

15.07.2025
19:15
Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа ...

15.07.2025
18:36
Қателік жасауыма жол бермеді – Жұлдыз Әбдікәрім...

15.07.2025
18:34
Ақмола облысында депутат үйін тонатып алды

15.07.2025
17:45
Әнші Айдар Тұрғанбек Смановпен кездескені үшін ...

15.07.2025
17:02
Марғұлан Сейсембай танымал трендті қайталады

15.07.2025
16:57
Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын ...