Елдос Сметовтің Тараздағы үйі орналасқан көшенің асфальті жаңарды

0
217

Дзюдодан Париж Олимпиадасында алтын жүлдегер атанған Елдос Сметовтің Тараздағы үйі орналасқан көшенің асфальті жаңарды. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Исламбек Дастан жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қазір Елдос Сметовтің есігінің алдындамын. Толық асфальт төселді», – деп жазды журналист.

Айта кетерлігі, жуырда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтаған.

Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, ал дзюдошының жарына Құрмет грамотасын табыстады.


ПІКІР ЖАЗУ