Елге оралған дзюдошы Қырғызбаевқа әуежайдан шыға сала көлік тарту етілді
Бүгін Елдос Сметов бастаған дзюдошылар елге оралған еді. Әуежайда қола медаль алған Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайда шыға сала көлік тарту етілді, деп хабарлайды politico.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Жалпы командалық есепте Қазақстан жетінші орынға тұрақтаған.
Айта кетейік, дзюдошылар Олимпиаданың алғашқы екі күнінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Алғаш рет Елдос Сметов 60 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болған.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Жалпы, Париж төрінде Сметов пен Қырғызбаевтан бөлек, Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі) күресті. Медаль Сметов пен Қырғызбаевқа ғана бұйырды.