Елтаңба ескірген

0
96

 

Ұлттық құрылтай руханият пен мәдениетімізді қайта жаңғыртуға бағытталған. Оған дәлел құрылтайда Ұлттық құндылық, бірізділік жайында ауқымды дүниелер айтылды. Әсіресе қазір елтаңба тақырыбы қызу талқыға түсуде. Біреулер елтаңбаға кеткен ақшаға жол салсын деп ұрандауда. Президентіміз онсыз да 720 км тас жол салынатынын тілге тиек етті емес пе? Мектеп, тіл мәселесі, ұлттық құндылық, шежіре, т.б тақырыптар көтерілді. Енді елтаңбаны өзгерткеннен кеміп қалмасымыз анық. Жаңа заманның жастарына жаңа елтаңба қажет-ақ.

Жалпы жаңа Елтаңбаны ұлттық нақыштармен жетілдіре түссе құба құп болар еді. Былай қарасақ, бұл Елтаңбаның мазмұны бай. Әйтсе де бір қарағанда ұзағырақ түсінбей қарап қалуымыз ықтимал. Мәселен, кешелі бері біз өзге елдердің елтаңбасын қарап, өзіміздікімен ойша салыстырудамыз. Өзге елдікі болса да мағынасын түсініп-ақ тұрмыз. Бірақ біздің Елтаңбамыздағы бейнелерді өзге ұлт өкілі көрсе, ештеңе түсінбесі анық.

Сондықтан Гербке тән сипаттарын алып тастап,  ұлттық танымға жақындата түскені жөн бе деймін. Және елтаңбаға “мәңгілік ел” символикасын да қою керек шығар, бәлкім. Бастысы минимализм қажет. Әйтсе де оны арнайы мамандар саралай жатар. Біздікі тек ұсыну. 

Бауыржан БЕКХОЖАЕВ, саясаттанушы


ПІКІР ЖАЗУ