Енді қыздар махр сұрай алмайды: Мүфтият өте маңызды мәлімдеме жасады

0
92

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді.

«Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті «дустиман» деп атайды», – деген ол қалың малды шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар екенін жазған.

Ағабек Қонарбайұлы мүфтияттың шешімін жариялады.

Шешім: күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», – деп жазды ол.


ПІКІР ЖАЗУ