Енді қырғызстандықтардың жүргізуші куәлігі Қазақстанда тұруға ықтиярхат болғанның өзінде жарамсыз деп танылды
«Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шетелдік автомобильдерді міндетті түрде қазақстандық есепке қою бойынша Қазақстан азаматтары сияқты талаптар қолданылады», – деп хабарлады Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Шетелдік жүргізуші куәлігі шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхат алғаннан кейін 60 күн өткен соң Қазақстанда жарамсыз деп танылады.