Ерке Есмахан күйеуімен не үшін ренжісетінін айтты
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі RaiM-мен қаншалықты жиі ұрысатынын айтты.
Instagram-да оқырмандарының бірі өнер иесінен жолдасы екеуі қаншалықты жиі ренжісетінін сұраған.
Еркенің сөзіне қарағанда, Райым екеуі өзара түсіністікте өмір сүреді.
Құдайға шүкір, ұрыспаймыз. Анда-санда менің еркелігім ұстап қалады, кейде Райымның қызғанышы кеп қалады. Басқа кезде бақыт, сыйластық және махаббат, – деп жауап қатты әнші.
Бұған дейін Есмахан тұрмысқа шықпаған және ажырасқан қыздарға кеңес беріп еді.
Фото: instagram.com/erke_esmahan