Ерке Есмахан желіде оңбай қателесті
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласты.
Бір оқырманның “Неге орысша жазбайсыз. Бәрі сіздің тіліңізді түсіне бермейді?” деп жолдаған сауалына жауап беремін деп, оңбай қателесті.
Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге “сіздің тіліңіз” деп тұрсыз?! Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес па?! Мен қазақпын. Қазақша сөйлеймін, жазамын. Түсінбегендер аударма жасап алсын. Қазақша сөйлеу мен үшін – сән, – деп жазды әнші.
Осыдан кейін «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (Абай)» деп, нақыл сөздің авторынан қателесіп кетті. Артынша, өнер иесі қателігін түзеді.