«Еркектік парызым»: әйелінің туған күніне 60 млн теңге шашқан блогер пікір білдірді
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нұркееваның туған күнін дүркіретіп тойлау өзінің міндеті екенін айтты.
Revue News бағдарламасының мәліметінше, бұл тойға блогер кемінде 60 млн теңгесін шашқан.
«Ол қыз ғой енді. Мүмкіндік болып жатса, оған осылай жыл сайын туған күнін жасап беріп қуантуды еркектік бір парызым ретінде түсінемін. Ал өзімнің туған күнімді жасамаймын», – деді Дархан Жолшыбеков.
Дариға Нұркееваның туған күнінде Мейрамбек Бесбаев, Мадина Сәдуақасова, Ғазизхан Шекербеков, Садраддин, сол сияқты рэпер Shiza болды.
Ал туған күнінің алдында блогер әйеліне 150 млн теңге тұратын Mercedes-Benz G 63 AMG Grand Edition көлігін сыйға тартты.