Ермұрат Бәпи «Отағасы туралы» заң қабылдауды ұсынды
«Осы заң жобасында әкенің, ер-азаматтың рөлін сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы жөнінде сіздің заң жобасының авторы ретінде жеке пікіріңізді білгім келеді. Осы тұрғыдан келгенде мына жерде отырғандардың көпшілігі «әкең келе жатыр», «әкең келсін», «әкең сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыдан келгенде әкенің, ер-азаматтың рөлін көтеру үшін бәлкім «Отағасы туралы» заң қабылдауымыз керек шығар?! Сіздің өз ойыңыз қандай?», – деп сұрады Ермұрат Бәпи.