«Еш жазығы жоқ». Хасанның анасы мен әйелі ресми мәлімдеме жасады

0
2455

Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін, – дейді Қасымбаевтың анасы.

Ал оның әйелі Зүлфия Қасымбаева күйеуінің ешқандай ОПГ-ға қатысы жоғын айтып отыр:

 Ол білетін, танитын адамдармен барып, сөйлесіңіздер. Ол қандай адам екенін сұраңыздар. Ол туралы жаман сөздер жазбас бұрын біліп алыңыздар. Біздің отасқанымызға 15 жыл болды. Ол үш баланың әкесі. Балаларға қаншалықты психологиялық қысым жасалып жатқанын білсеңіздер ғой. Оның ешқандай ОПГ-ға қатысы жоқ. Өз шаруашылығы бар, малы бар, – дейді ол.

Бүгін талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаев ұсталғаны хабарланған болатын. Ол азамат А-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.

фото: ulysmedia.kz


ПІКІР ЖАЗУ