Еуразиялық банк үлескерлердің ақшасын қорғау үшін цифрлық мониторинг енгізеді

0
80

Еуразиялық банк Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясымен бірлесіп Digital Bridge 2023 халықаралық форумы шеңберінде үлестік құрылыс саласындағы жаңа цифрлық жобаны ұсынды.

Жобаның мәні — құрылыс салушыларға Еуразиялық банкте онлайн режимде ақша қаражатын мақсатсыз пайдаланудан қорғауға кепілдік беретін мамандандырылған шоттар ашуға мүмкіндік беру болып табылады.

Осы бастаманың барысында төлем негіздерін тексеруге мүмкіндік беретін функционал әзірленді. Ол сондай-ақ қадағалау органдарына құрылыс жұмыстарының орындалғанын растайтын құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Еуразиялық банк пен Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясының жобасы нақты уақыт режимінде тұрғын үй құрылысының әрбір кезеңіне мониторинг жүргізуге және болжамды талдаудың арқасында құрылыс жоспарын кез келген ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді.

Еуразиялық банктің басқарма төрайымы Ләззат Сатиева жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың үлестік құрылысты бақылауға қалай әсер ететінін түсіндірді.

«Жасанды интеллекттің рөлін асыра бағалау қиын, өйткені бұл шексіз шешімдер бере алатын технология. Біздің жоба үшін бұл технология шоттардан қаражаттың түсуі мен жұмсалуын талдауға және дұрыс қорытынды жасауға, сәйкесінше құрылыс барысы және жылжымайтын мүлікті пайладануға беру мерзімі туралы дұрыс ақпарат беруге мүмкіндік береді. Менің ойымша, Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясымен бірлесіп әзірленген цифрлық шешім — үлескерлерге өз жылжымайтын мүліктерінің құрылысының аяқталуын сенімді түрде күтуге, ал мемлекетке — мониторинг жасау үшін таптырмас құрал болады», – деді ол.

Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алтай Күздібаев атап өткендей, қазақстандықтар өз қаражаттарын үлестік құрылысқа инвестициалау кезінде белгілі бір тәуекелдерге ұшырайды. Цифрлық жоба — бұл тәуекелдерді азайтады.

«Негізгі тәуекелдердің бірі — құрылыс салушының үлескерлердің жинақталған қаражатын мақсатсыз пайдалануы. Сондықтан бұл шешім ең алдымен үлескерлердің қаражатының сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Алтай Күздібаев.

Бұл ретте, цифрлық жоба — құрылыс-монтаждау жұмыстарының, нысанды пайдалануға берудің мерзімдерін өзгерту бойынша болжамды талдауды қалыптастыра алады, сондай-ақ қажетті құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Осылайша, Еуразиялық банк пен Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясының цифрлық шешімі үлестік құрылысқа қатысушылар үшін әлеуетті тәуекелдерді азайта отырып, Қазақстандағы үлестік құрылыстың ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

№ 1.2.68/242/40 лицензия 2020 жылғы 3-ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы


ПІКІР ЖАЗУ