Футбол стадионында төбелес болып, 56 адам қаза тапты
Гвинеядағы футбол стадионында төбелес болып, 56 адам қаза тапты.
Гвинея премьер-министрі Амаду Оури Баның айуынша, оқиға жексенбі күні Нзерекор қаласында жергілікті футбол турнирінің финалы кезінде болған. Төрешінің даулы шешіміне байланысты жанкүйерлер арасында қақтығыс басталған, төбелесті тоқтату үшін қауіпсіздік қызметкерлері көзден жас ағызатын газ қолданғанда адамдар құлап, бір-бірін басып қалған.
Гвинея үкіметінің хабарлауынша, кем дегенде 56 адам қаза тапқан. Көз жұмғандар арасында балалар да бар. Жергілікті оппозиция оқиғаны тергеуге шақырды. Олар бұл турнирдің әскери көшбасшы, Гвинея президенті Мамади Думбуяның «заңсыз және орынсыз» саяси амбицияларын қолдау үшін ұйымдастырылды деп есептейді.
Айта кетейік, 2021 жылы елде әскери төңкеріс болды, содан бері Гвинеяны әскерилер басқарады.