Головкин рингке қайта орала ма
377
Бір кездері қазақстандықтардың таң ұйқысын «ұрлаған» Геннадий Головкин былғары қолғабын қайта киіп, шаршы алаңда айқасқа шығуы мүмкін екенін жасырмады,-деп хабарлайды politico.kz
Айта кетейік, әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылдың күзінде шығып, төрешілердің ортақ шешімімен мексикалық Сауль Альвареске есе жіберген болатын. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Геннадий Головкин Олимпиада боксындағы күрделі мәселені айтып берген еді.«Бокстан кететінім туралы ешқашан айтқан емеспін. Бәріне уақыт төреші. Қазір менің алдымда үлкен мақсат тұр. Бастысы, атқарып жатқан жұмысым өзіме ұнайды. Спорт, қимыл-қозғалыс, жаттығу менің өмірімнің мәніне айналған. Егер біреу мені шаршы алаңға шақырып, ол ұсынысы көңілден шықса, оны қабылдауға дайынмын. Сондықтан алда GGG-дің қатысуыммен өтетін жекпе-жектің куәсі болуларыңыз әбден мүмкін, - деді Геннадий Головкин.
Соңғы жаңалықтар
03.06.2026
10:32
"Мәлімдеме қате болды": Депутат "Штрафстан" тур...
03.06.2026
10:20
Шымкентте әкімдіктің жүк көлігі 11 жастағы бала...
03.06.2026
10:09
Оралда түрме бастығының орынбасары ұсталды
03.06.2026
09:34
Қазақмыс «Итауыз» және «Жомарт» кеніштерінде же...
03.06.2026
09:07
Шавкат Рахмонов пен әйелі туралы қуанышты жаңал...
03.06.2026
09:04
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кетпек...