Халықтың алдында арым таза, шетелге көшпеймін – Бердібек Сапарбаев

0
133

Зейнеттегі саясаткер Бердібек Сапарбаев «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында өзін қынжылтатын қоғамдағы кейбір құбылыстар туралы айтты.

Қазір аузына келгенді айта беретіндер көбейді. Әуелі аузыңа келгенді айтуың үшін ақылың болуы керек, білімің болуы керек және соған құқығың болуы керек. Айтқан сөзіңе сен ертең жауап беруің керек» — деп налыды саясаткер.

Сұхбат барысында Сапарбав әлеуметтік желіде тараған «үшеудің суреті» — Мамин, Нығматулин және Жақсыбековтердің мейрамханадағы отырысына қатысты ойын айтты.

Біз білмейміз ғой, олардың не істеп отырғанын. Шынымен сырға салуды ақылдасып отырған шығар. Одан кейін, отыз жыл ескі саяси гвардияда болдым деп мен енді ешқайда бармауым керек пе, ешкіммен кездеспеуім керек пе? — дейді экс-әкім.

Сапарбаев — халықтың пиғылы өзгеріп баратынын айтады.
«Қазір бізге бірлік керек. Қазақты қазақ жамандағаннан не шығады? Менің қорқатыным қазақтар бірін-бірі жеуге, атуға дайын тұрған сияқты» — дейді ол.
Бердібек Сапарбаев сондай-ақ ақпарат беттеріндегі өзіне және туыстарына қатысты зерттеулер туралы айтты.
Сонда менің туыстарым өмір сүрмеуі керек пе? Олар кәсіппен айналыспауы керек пе? Оларға мен беріп жатсам екен. Менің құдаларым маған дейін кәсіпкер болған адамдар ғой. Халқымның алдында, мемлекеттің алдында арым таза. Менің балаларымның тұратын жері Қазақстан. Шетелге көшу туралы ойым жоқ — деді Бердібек Сапарбаев.

http://www.adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ